Өскемендік жүргізуші 79 рет жол ережесін бұзып, 1,5 млн теңге айыппұл арқалаған

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында жол ережесін бұзғыш Land Rover жүргізушісінің мойынына 1 млн 600 мың теңге қарыз ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО-да 13 маусымнан бастап "Борышкер" профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның алғашқы күні Өскемен қаласында жол ережесін үнемі бұзушы 26 жастағы тұрғын анықталды. Оның атына жалпы сомасы 1 млн 600 мың теңге болатын 79 әкімшілік айыппұл жиналған. Тәртіп бұзушының көлігі қарызы толық өтелгенше арнайы тұраққа қойылды. ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары подполковник Елдос Закимов

"Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде тәртіп сақшылары пәтерлерді және аулаларды шолу кезінде жалпы сомасы 17 млн теңге әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар 2 мыңнан астам азаматқа ескерту жасады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты