70 жастағы алматылық апа бақшасында «емдік мақсатта» қарасора өсірген

Сурет: Алматы полициясының баспасөз қызметі
Алматы полицейлері есірткі өсірудің екі жағдайын анықтады. Екі факті де тіркеуге алынды, әрі қарай процессуалдық шешім қабылданатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші жағдайда, ведомстводағылар атап өткендей, 47 жастағы азамат өзінің алты сотық жерінде 687 түп қарасора өсірген.

Тәркіленген қарасора желегінің жалпы салмағы 42,5 келіні құрады. Ер адам оны өзі пайдалану үшін өсіргенін мойындады. Алматы полициясының баспасөз қызметі

Тағы бір жағдай Алмалы ауданының 70 жастағы тұрғынының бақшасында анықталды.

Бақшадан 48 түп қарасора табылды. Әйел оны тек емдік мақсатта өсіргенін айтты. Бұл ақпарат тағы бір мәрте тексеріледі. Алматы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов

Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды