Облыстық мәслихат хатшысының жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облыстық мәслихаты хатшысының жүргізушісі көлігіне жалған нөмір тағып жүргені үшін жазаланды. Ол 61 260 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде 702 YES 02 деген жалған нөмір тағынған Алматы облыстық мәслихаты хатшысының қызметтік көлігінің видеосы жарияланды.

11 шілдеде сот көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта 26 мамырда полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлікті тізгіндеген М. жүргізушісінің Kia Quoris көлігін тоқтатқаны анықталды.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысына сәйкес, ол ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (61 260 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады