ҰҚК Нұрлан Мәсімовті ұстау кезіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті

Сурет: видеодан алынды
ҚР ҰҚК Нұрлан Мәсімовті ұстауға қатысты толығырақ мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомства баспасөз қызметі Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталғанын жеткізді.

Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Нұрлан Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді.  Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

 

ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды