Екібастұзда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккен адамдар саны артты

Сурет: Instagram/ekibasvteme
Екібастұзда таңертең Мәшһүр Жүсіп пен Бұқар Жырау көшелерінің қиылысында №7 және №33 қалаішілік маршрутты қос автобус соқтығысты. Зардап шеккендердің саны 17-ге дейін артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін зардап шеккендердің саны 15 адам (үш адамды жедел жәрдем ауруханаға жеткізді, 12 адам медициналық көмекке өздері жүгінді) делінген.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы нақтылап өткендей, түрлі дене жарақаттарымен медициналық көмекке тағы екі адам жүгінді: 1992 жылғы әйел мен 2021 жылғы қыз бала.

Екеуі де амбулаториялық тұрғыда ем алуға жіберілді, деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы кезінде №7 автобуста 16 жолаушы, №33 автобуста 12 жолаушы болғанын хабарлады.

Автобустар Екібастұздың арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды