Петропавлда су құбыры құдығын тазалаған үш жұмысшы уланып, бірі қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Құрылыс нысаны жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы буланудан зардап шекті. Олардың бірі, 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал қалған екеуі шұғыл түрде қаладағы медициналық мекемеге жеткізіліп, жатқызылды.

Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігерлік ұйымдардың кінәсі анықталатын болады. Петропавл қаласының полиция басқармасы
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады