Елордалық полицейлер биіктен секірмек болған әйелді құтқарды

Сурет: polisia.kz
Қыз тұрғын үйдің 24-қабатынан секіруге дайындалған. Оны Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицияның “102” арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-қабаттың сыртқы күнқағарында әйел отырғаны туралы хабарлама келген. Оқиға орнына автопатруль жіберілді.

Осы уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев әкімшілік учаскесінде болған. Оқиғаны естіген бетте ол көрсетілген үйге жүгіріп барып, әйелдің секіруге оқталғанын көреді.

Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, формасын шешіп тастайды. Техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуіне көтеріледі. Арадағы қашықтық бір метрден астам болған. Білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап тұрған.

Әйел қатты жылап, полицейден босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да келеді. Олар бірге қызды терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шықты.

Төменде қызды дәрігерлер күтіп тұрды. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Қазір полицейлер 27 жастағы қала тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін