Астанада гүл сататын дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасалды

Қарақшылық шабуыл Сурет: Zakon.kz
Астанада гүл сататын дүңгіршектің сатушысын пышақпен жарақаттап, кассадағы ақшаны ұрлап кеткен қаскөй ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның “102” арнасына белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, кассадан ақша алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Жәбірленушінің айтуынша, сағат 23.40-та дүңгіршекке ер адам кіріп, ақша талап етіп, сатушыға пышақ көрсеткен. Сонан соң үстелден кілттерді алып, есікті құлыптап, жарықты сөндірген. Осы уақытта әйел дабыл түймесін басып үлгереді. Ер адам оны иығынан пышақпен жарақаттап, 20 мыңнан астам теңгені алып, “ізін суытқан”.

Күдіктіні ұстауға дереу полицияның жеке құрамы бағытталды. Белгілері бойынша қылмыскердің суреті жасалды. Қылмыс куәгерлерін анықтау үшін аулаларға шолу жүргізілді. Полиция қызметкерлері қылмыс орнының периметрі бойынша орнатылған бейнекамералар арқылы қылмыскердің ізіне түсті. Жедел уәкілдердің қажырлы жұмысы сәтті аяқталып, күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Ол 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды