Ақтауда мысықтың басын мыжи салған ер адам қамауға алынды

Сурет: Telegram/polisia.kz
Ақтауда мысықтың басына зақым келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қазанда сағат 22.00 шамасында 35 жастағы мас ер адам қаладағы 6-шы ықшам ауданда жолдағы мысықтың үстіне секіріп, оны қатты жарақаттады.

Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша тіркелген. Ер адам уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Ер адамға 120 АЕК-ге дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады. Ақтау қалалық ПБ баспасөз қызметі

Күдікті өз іс-әрекетін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, қараусыз мысық қазір өз қожайынын тапқан. Дегенмен жағдайы өте ауыр. Мал дәрігері оған мидың ісінуі, мойын омыртқасының қисаюы сынды диагноз қойды. Ол өздігінен тыныстағанымен, қозғала алмайды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды