"Темір кірген". Үйге соғылған автобус жүргізушісінің жағдайы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
№141 қалалық автобус қойып кеткен жекеменшік тұрғын үй жанында арнайы қызметтер екі кранның келуін күтіп тұр. Бір сағат ішінде олар апаттың салдарын жоюы тиіс деп бажайланады. Ал оған дейін Кудерин көшесі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, апат кезінде барлығы алты жолаушы мен қоғамдық көліктің жүргізушісі де зардап шеккені белгілі болды.

10 қазанда сағат 18.00-де №141 бағыттағы Youtong автобусын тізгіндеген азамат М. Кудерин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, жекеменшік тұрғын үйге қойып кеткен. ЖКО салдарынан жүргізушінің өзі және алты жолаушы зардап шекті, - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Жүргізушінің басынан ауыр жарақат алғаны белгілі, оның бетінің бір бөлігі де қатты зардап шегіп, көзіне темір кірген.

Сурет: Zakon.kz

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі - "Көлік құралдарын тізгіндеген адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі