Ақмола облысында алабай тұқымды ит балаға шабуылдаған

Сурет: pixabay
Ақмола полицейлері Целиноград ауданында мектеп оқушысына шабуыл жасаған Алабай тұқымды қаңғыбас итті ұстап, залалсыздандырды. Екі сағат бойы агрессивті ит полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай, шабуылдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қазанда баланың анасы Целиноград АПБ-нің учаскелік инспекторынан көмек сұраған. Ит әйелдің үйінің ауласында болған. Әйелдің айтуынша, баласы мектептен қайтып келе жатқан кезде ит оған шабуыл жасаған. Ұлының айқайын естіген тұрғын дереу көмекке жүгіріп, полицейлерді шақырған.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары Нұрболат Мұқамедия мен Замирбек Сейтанов алабайды залалсыздандыру үшін түрлі әдістер мен қауіпсіз құралдарды қолдануға тырысты. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Екі сағат бойы агрессивті ит полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай, шабуылдаған.

Қару-жарақ пен арнайы құралдарды қолданбаған тәртіп сақшылары жануарды залалсыздандырып, иттерге арналған орындардың біріне орналастырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді