Астанада жұрттың көзінше кішкентай қызын сабаған әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды

Сурет: pexels
Астанада 10 жасар қызын көшеде көптің көзінше ұрған әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз қатты жылағандықтан, айналадағылар оған назар аударып, іле-шала болған оқиғаны видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Видеода кішкентай қыздың басын мәшинеге соққан әйелді көруге болады. "Мама, жұмыс істеймін мен" деп өз кезегінде шырқыраған жалаң аяқ-қызды ақырында әйел көлігіне салады.

Полиция қызына қатыгездік танытқан әйелді тауып, болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

Әлеуметтік желіні мониторингтеу кезінде бейтаныс әйелдің кәмелетке толмаған қыз балаға қол жұмсаған видеосы анықталды. Тексеруден кейін олар 52 жастағы әйел мен оның 10 жасар қызы екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Болған іске қатысты ақтық шешімді Астана қаласы Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қабылдайды. Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды