Астанада пробациялық бақылаудағылар арасында 400-ге жуық құқықбұзушылық тіркелді

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елордада пробация қызметкерлерінің жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық алдын алу іс шараларының нәтижесінде 400-ге жуық есепте тұрған тұлғалар тарапынан құқықбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Профилактикалық іс-шараны өткізу барысында қылмыс жасауға бейім тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тексерулерді жүзеге асыру үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп арнайы топтар құрылып, әсіресе түнгі уақытта қоғамнан оқшаулауға байланысты емес 3000-нан астам жазасын өтеушілер тексерілді. Нәтижесінде пробациялық бақылаудың 200-ден астам бұзушылығы анықталды. Оларға ескерту жасалды, ал 130 жазасын өтеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту хаттамасы толтырылды. Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Пробациялық бақылау мерзімін бірнеше рет бұзған 22 есептегі тұлғаның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін құжаттар сотқа жолданған. Оларға қатысты ұсынымдар қанағаттандырылатын болса, жазаларының қалған бөлігін темір торда өткізетіні де ескертіледі.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды