"Артынан келіп, тұншықтырған". Астанада даяшы дәмхана қонағын тонады

Сурет: Zakon.kz
Астанада дәмханадан шыққан адамды даяшы тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың 60 жастағы тұрғыны әлдекім өзіне шабуыл жасалып, 690 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып, полиция көмегіне жүгінді.

Кешке қарай ер адам Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханаға кіріп, тамақтанған. Қызмет көрсетуші даяшы ер адамның қол сөмкесінде көп ақша барын байқап қалған.

Ер адам дәмханадан шыққанда даяшы оның артынан ілесе шыққан. Сөйтіп құрбанының артынан келіп, білегін мойнына орап, тұншықтыра бастайды. Содан кейін ер адамның қолындағы барсеткасын жұлып алып, қаша жөнеледі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшы Қарағандыда ұсталды. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты, ол өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Ұсталған адамның Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі. Күдікті ұстау изольяторына қамалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды