39 жастағы қызылжарлық үш айлық немересін мемлекеттік органға өткізді

Сурет: polisia.kz
Петропавл тұрғынының айтуынша, үш айлық сәбидің 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмыс іздеп кеткеннен сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қарашада Петропавл қаласы ПБ Ювеналдық полиция бөлімшесі қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны үш айлық немересінің тағдырына алаңдап, көмекке жүгінді. Оның айтуынша, баланың 18 жастағы анасы қазан айының соңында сәбиін әжесіне табыстап, басқа қалаға жұмысқа кеткеннен осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан немересін алып кетуді сұраған.

Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері хабарлама түскен мекенжайға барып қажетті акті толтырды, кейін қыз бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасына орналастырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының қайда екенін анықтап жатыр. Оған қатысты ата-ана міндетін орындамау бойынша іс қозғап, аталған жайт комиссияның қарауына ұсынылуы арқылы әкімшілік сипатта шаралар қабылданатын болады. СҚО ПД баспасөз қызметі
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды