Петропавлда жүк тиеуші жігіт қыздарға жақсы көріну үшін полицей киімін заңсыз киген

Сурет: polisia.kz
Петропавлда полиция сержанты шеніндегі форманы киген 23 жастағы жігіт учаскелік полиция инспекторының күдігіне ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кокарда, погондар – қарапайым адамдар үшін жас жігіт нағыз полицейге ұқсайды. Алайда, құжаттарын тексеру кезінде оның белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігі жоқ болып шықты. Мән-жайды анықтау үшін 23 жастағы жігіт қалалық полицияға жеткізілді.

Бұл жігіттің ішкі істер органдарына еш қатысы жоқ екені анықталды. Жүк тиеуші болып жұмыс істейді. Өзінің айтуынша, форманы хабарландырулар сайты арқылы бөлек-бөлек жинап келген. Көшеде арнайы киімді киіп жүруін бойжеткенмен кездесу кезінде жағымды әсер қалдырғысы келетіндігімен түсіндірді. Петропавл қалалық ПД баспасөз қызметі

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 675-бабы бойынша материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен қала тұрғынына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды