Астанада LRT діңгегіне соғылған КАМАЗ-дың желідегі видеосы қызу талқыланып жатыр

Сурет: Instagram/astana_sergek
Астанада КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, LRT-ның тіреуіш діңгегіне барып соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 5 желтоқсанда сағат 12:20 шамасында орын алған. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видео астына пікір қалдырғандардың кейбірі бұдан саяси астар іздеуге тырысып, талқы қыза түскен.

Қалалық ПД бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"31 жастағы КАМАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесі жағынан Қабанбай батыр даңғылына қарай Сығанақ көшесімен келе жатқанда жол жабындысының ерекшелігін ескермей, рөлге ие бола алмай қалып, тіреуіш діңгекке соғылды. Тіреуіш бүлінген (бағана бүлінбеген)". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Елорданың полиция департаменті көлік жүргізушілерін көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз