Қостанай облысында Nexia көлігі өзенге батып кетті

Сурет: pixabay
Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Байғабыл ауылында Nexia Avon автокөлігі өзенге батып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға туралы ақпарат құтқарушыларға 4 желтоқсанда сағат 09:00-де келіп түсті, деп хабарлайды НГ.

Нар тәуекел деп көлік жүргізушісі қатқан өзен үстімен ызғытып қойған. Алайда мұз жарылып, темір тұлпар суға батқан.

Көлік иесі оқиға орын алған сәтте салоннан шығып үлгеріп, зардап шекпеген.

Құтқарушылар дереу көмекке шығып, оқиға орнына 12:15-те келіп жетті.

Сағат 13:00-де құтқарушылар сүңгуір костюмдерін киіп, су астына түсті. Сағат 17:20-да су асты-құтқару жұмыстары кезінде көліктің алдыңғы доңғалағына темір тросты байлап, оны алып шығу мүмкін болды. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Беларусь тракторының көмегімен көлік жағаға шығарылды.

Суға батқан көліктің жергілікті әкімдікке тиесілі екені де айтылады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді