Алматы тұрғыны жалған түбіртекпен дүкен сатушыларын алдаған

Сурет: Zakon.kz
Алматының Әуезов ауданында шағын дүкендердің сатушыларын алдап жүрген күдікті ұсталды. Жедел уәкілдердің айтуынша, 19 жастағы В.есімді азамат алдын ала өңделген қолма-қол ақшасыз төлем түбіртегін көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ол бірнеше апта бойы шағын дүкендерден тауарларды: темекі, азық-түлік, бағаларын бақылап, содан кейін смартфондағы қосымшаның көмегімен төлем түбіртегін жасаған. Сатушылар мобильді құрылғысына ақша түскені туралы хабарлама кейінірек келетініне сенімді болған. Осы аралықта "сатып алушы" жайбарақат тауарын алып кетіп қалды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас бірнеше қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды