Абай облысының полицейлері көлік ұрлаған азаматты қуып жүріп ұстады

Сурет: polisia.kz
Абай облысының полициясына Глинки көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлік ұрланғаны туралы сигнал түскен, полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші көлік құралын автотұрақта ашық қалдырған, сол себепті оны айдап әкету қиын болмаған. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бағдар алып, Рысқұлов көшесі бойында ұрланған көліктің қозғалысын ізін суытпай анықтады.

Polisia.kz хабарлауынша, көлікті тоқтатуға тырысқаннан кейін қаскүнем тәртіп сақшыларының талабын елемей, жылдамдығын арттырып, жасырынуға тырысқан. Егер жолда көлікті тоқтатуға асыққан полицейлер болмаса, Абай облысының 27 жастағы тұрғыны ұрланған автокөлікпен емін-еркін жүре берер еді.

"102" арнасына сағат 23:00 шамасында полицияға Глинки көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлікті ұрлау туралы сигнал түседі. Көлік құралының тізгінінде көлік жүргізуге құқығы жоқ мас күйінде 27 жастағы жергілікті тұрғын болған. Медициналық мекеменің куәландыру нәтижесі 2,01 мг/л оның орташа масаң болғанын және өздігінен аяғына тұра алмайтынын растады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаскүнемге айып тағылып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды