Оқыс оқиға таңғы сағат 05.50-де орын алған. Осы уақытта полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік күйші Дина Нүрпейісова көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Шақыру бойынша оқиға орнына келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстады. Ол мас күйінде өшіккен танысының көлігін өртеп жібергені анықталды.
Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген. Өрт салдарынан жәбірленушінің көлігіне елеулі зақым келді, оған 19 млн теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілді.
"Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті оқшаулады. Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Күдікті ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.