Спутник антенна орнатпақ болған Ақмола облысының тұрғыны 21 мың теңгесінен қағылды

Сурет: pixabay
Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды. 27 желтоқсанда Ақкөл ауданының полиция бөліміне 57 жастағы жергілікті тұрғын биылғы 18 маусымда белгісіз адам 21 мың теңгесін алдап алды деген арызбен түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арызданушының айтуынша, OLX хабарландыру сайтында ол спутник антенналарды орнатумен және баптаумен айналысатын шебердің хабарландыруын тапқан.

Хабарландыру авторымен сөйлескеннен кейін әйел антеннаны орнатқаны үшін 21 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасап, "қызмет көретуші" хабарлаған нөмірге ақша аударған.

Алайда уәде етілген қызметті күте-күте жалығып, полициядан көмек сұраған.

Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды