Түркістан облысында егде жастағы азамат жоғалып кетті

Cурет: polisa.kz
Түркістан облысы Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаев 5 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, оның басында қара түсті бөрік, үстінде қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті резеңке аяқкиім (галош) болған.

Бойы шамамен 160-167 см.

Cурет: polisia.kz

Қазіргі таңда Түркістан облысы полиция департаменті басшылығы мен Түлкібас, Сайрам полицейлері іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Сонымен қатар еріктілер де іздестіруге тартылды.

Жоғалған қария жайлы қандай да бір мәлімет білсеңіз немесе көрсеңіз, бірден 8 (72538) 5 28 37, 8 771 600 00 05 нөмірлеріне болмаса полицияның "102" нөміріне хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды