Арқалықта бесінші қабаттан құлаған бойжеткен полицейдің үстіне түсті

Сурет: видеодан алынды
Басында қыз бесінші қабаттың балконынан құлап бара жатып, темірден ұстап үлгерген. Полицейлер келгенде оның күші сарқылып, төменге ылдилай жөнелген. Сол кезде қызға тиетін соққыны жеңілдету үшін жердегі полицей оған өз денесін тосқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-ның Telegram арнасы нақтылап өткендей, 7 қаңтарда таңғы сағат 05:30-да қаланың жедел басқару орталығына бір қыздың балконның темірінен ұстаған күйі салбырап тұрғаны туралы хабар келіп түсті. 

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Капсаматов бірден аттанды.

"Жағдайды бағамдап, Алмат Әмірхан далада қалып, ал серіктесі бесінші қабатқа көтерілді. Осы кезде ілініп тұрған қыз бесінші қабаттан құлап кетті. Төменде қалған полиция қызметкері оған тиетін соққының ауыр болмасы үшін өз денесін тосты. Соның арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ", делінген хабарламада.

Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірхан бірнеше жарақат алып, аяғын ауыртып алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды