СҚО-да қар астынан жоғалған балықшының денесі табылды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
9 қаңтарда екі танысымен бірге балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны қайтып оралмаған. Оның денесі қардың астынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қаңтарда сағат 16.00 шамасында СҚО Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан орман алқабының жанынан ТЖ және полиция қызметкерлерінің іздеу тобы қар астынан Новоишимское ауылының 31 жастағы тұрғынының денесін тапты. Ол 9 қаңтардан бері ұшты-күйлі жоқ. Оны іздеу туралы арызбен ер адамның анасы полицияға жүгінді. Екі танысымен бірге балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны үйіне қайтып оралмаған.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Новоишимское ауылынан келген үш балықшы Ступинка ауылының жанындағы көлде болғаны анықталды. Сағат 23.00 шамасында спирттік ішімдіктерді бірге отырып ішкеннен кейін, олардың бірі Сергеевка қаласындағы туысына жаяу баратынын айтқан. Жанындағы таныстары қарлы боранда түнде жаяу жүрмеуге шақырған. Алайда, олардың сөздеріне көнбей, кетіп қалған.СҚО ПД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда