Астанада жасөспірімді көліктің жүк салғышына отырғызып алған жүргізуші ұсталды

Фото: zakon.kz
Экстрим жасағандар әлеуметтік желіге видео салу үшін осындай жағдайға барғанын айтады. Өз бастарын қауіпке тігіп, көңіл-көтергендер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW және Toyota автокөліктерінің жүргізушілерін ұстады. Күндізгі уақытта Достық көшесімен Мәңгілік Ел даңғылына қарай жүріп келе жатып, Toyota автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі адамды жүксалғышпен тасымалдаған. BMW автокөлігімен келе жатқан екінші жүргізуші бейне түсірілім жасаған. Тәртіп бұзушылардың әрекеттерін куәгерлер түсіріп алып, полицияға хабарлаған.

Полиция қызметкерлері екі жүргізуші де өздерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен алмасып, сол арқылы жалған нөмірлері бар көлікті басқарғанын анықтады.

"Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау бойынша талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен екі бұзушы бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, бір тәулікке қамауға алынды.

Полицейлер бейнетүсірілімге қатысқан 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды