Алматы облысындағы нашар жолдар үшін шенеуніктер жауапқа тартылды

2023 жылғы 18 қаңтарда Алматы облысының прокуратурасы мен полиция департаменті "Жол қауіпсіздігі" жобасын іске қосты. Бұған жол-көлік оқиғаларының көбеюі себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазатайым оқиғалар саны бойынша Алматы облысы екінші орында, ал өлім-жітім бойынша көш басында тұр.

Өткен жылы облыста 1700-ден астам жазатайым оқиға тіркеліп, 2369 адам зардап шексе, 300-ден астам адам қаза тапты, оның 30-ы балалар.

Облыс прокуроры Берік Адамов жүргізіліп жатқан жоба аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолға алынатынын атап өтті. Қазірдің өзінде әр ауданда прокуратура, полиция, әкімдік қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерінен мобильді топтар құрылып, жолдардың проблемалық учаскелерін анықтап, оларды жою бойынша мақсатты шаралар басталып кетті.

Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов облыстық полицейлер жолдар мен көше-жол желілеріне 1270 тексеру жүргізгенін айтты. Нәтижесінде 1276 ұйғарым беріліп, жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін 164 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолдардың қауіпті учаскелеріне 29 аппараттық-бағдарламалық жүйе орнатылды, қосымша 120-дан астам аппараттық жүйені орнату жоспарлануда.

Жоба бес бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Жобаға Алматы облысының тұрғындары қатыса алады.

"Ол үшін телеграм-каналымызға (+7-777-012-35-91) жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамның жоқтығы, қардың уақтылы тазаланбауы, сапасыз құрылыс, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары туралы фото және видео жіберулеріңіз қажет". Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: