Алматы облысында кәсіпкерді қорқытып-үркітіп, ақша бопсалағандар ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полицейлері кісі бопсалаушылар тобын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қыркүйекте Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға белгісіз тұлғаларға қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Олар күш қолдану арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлікті талап еткен. Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының ПБ-да ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау) бойынша тіркелді.


"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшалай қаражат алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы бес азаматты ұстады. Кінәлі тұлғалар ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы облыстық департаменттің басшылығымен бақылауға алынды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді