Ақмола облысының полицейлері қос азаматтықпен жүрген қызды анықтады

Cурет: polisia.kz
Ресей азаматына қос азаматтығы үшін үлкен айыппұл салынады немесе елден шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көші-қон заңнамасын бұзу дерегі 20 қаңтарда Ақкөл қаласында тіркелді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері РФ-ның 23 жастағы азаматын анықтады. Ол үш жыл бойы іс жүзінде екі мемлекеттің – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып келген.

"Мәнжайды нақтылау кезінде полицейлер 2019 жылы Ресейге оқуға түскен қыз Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда қазақстандық заңнаманы бұза отырып, ҚР Ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне уақытылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айырылу бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады", - делінген polisia.kz хабарламаcында.

Шетелдікке қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Санкцияға сәйкес, құқық бұзушыға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР аумағынан шығарылып жіберіледі. Материалдар сотқа жолданды.

Өткен жылы көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың 2760 фактісін анықтады, оның 47-сі ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды