Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаланды

Cурет: polisia.kz
Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаланды, ол 69 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлады Zakon.kz.

20 қаңтарда Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне әйел кісі өзінің итін өлтірген бейтаныс адамға шара қолдануды сұраған.

ІІМ бұл факті полицияда тіркелгенін хабарлады. Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша иесіз иттерді (дротикпен ату) атқанын анықтады.

"Осы факті бойынша полиция оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге арызданушы материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүгінуі қажет", - деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті