25 қазақстандық Жетісу облысындағы қаржы пирамидасының құрбаны болды

Сурет: pixabay
25 қазақстандық Жетісу облысында ұйымдастырылған қаржы пирамидасының құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорған маңында тұратын ерлі-зайыпты, сонымен бірге Түркістан облысының Ленгер қаласының тұрғындары топ құрамында болған.

Күдіктілер өздерінің алаяқтық әрекеттері үшін Whatsapp мессенджерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, онда бір аптаға жуық уақытқа созылған арнайы чат құрған. Жәбірленушілер банктердің бірінің арнайы шотына 10 мыңнан бастап 100 мың теңгеге дейін ақша жіберіп отырған. Бастапқыда уәде етілген пайданың 50-70%-ы алып отырған. Кейін жіберілген үлкен сома қайтарылмаған.

"Талдықорғандағы шоттан ақшалай қаражат алынғаны белгілі болды. Осыған байланысты жәбірленушілердің арыздары Жетісу полициясында ресми түрде тіркелді. Деректер бойынша тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөліміне (Алаяқтық) сәйкес, Талдықорған қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді, - деді Жетісу облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің аға тергеушісі Азамат Тынысбаев.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес келтірілген залал 5 млн теңгеден астам. Полиция департаменті, бұған қоса, қылмыстық істе елдің әр өңірінде тұратын 20-дан астам адам болғанын ескеріп, фактілерді тергеу бір жылдан астам уақытты алатынын ескертті. Қазіргі уақытта айыптау актісі қылмыстық істі сотқа жіберу үшін дайындалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты