Талдықорған тұрғыны Щучинскіде жалға алған пәтерінен тоңазытқыш пен теледидарды ұрлап кеткен

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында ер кісі жалға алған пәтерден тоңазытқыш пен теледидарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қаңтарда Бурабай полиция бөліміне Щучинск тұрғынынан жалға берілген пәтерден тұрмыстық техниканың ұрланғаны жөнінде арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, ер кісі баспананы жалдап тұрған, 2022 жылғы 16 қараша мен 2023 жылғы 19 қаңтар аралығында LG тоңазытқыш пен плазмалық теледидарды ұрлап кеткен. 350 мың теңге шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер пәтерді жалға алған Талдықорғанның 36 жастағы тұрғыны екенін және оның орналасқан жерін анықтады. Ер кісі ұрланған заттың бәрін ломбардқа өткізгені белгілі болды.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеген және тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі