Ол онымен 2022 жылы WhatsApp мессенджері арқылы танысып, оған несиеге ресімдеген қомақты ақшасын аударғанын айтты.
Жалғызбасты әйел ер адамның жазғанына сеніп, хат алмасуды бастайды. Алаяқ мұны пайдаланып, хат-хабарлардың бірінде оған өткен туған күніне сыйлық жасағысы келетінін айтқан. Әйелді сендіру үшін ол алтын алқа, білезік, әйелдер сөмкесі, ашық аяқ киім мен қолма-қол ақша бар сыйлығының суретін жібереді.
Қазан айында ер адам онымен сәлемдемеге қатысты өзінің агентінің хабарласатынын айтты. Осыдан кейін оған бейтаныс нөмірден сәлемдемені алмас бұрын 250 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты төлеу қажет екендігі туралы хабарлама келді және оған банктердің бірінің деректемелері жіберілген. Әйел алаяқтарға сеніп, ақшалай несие рәсімдеп, оларды көрсетілген деректемелерге жіберді. Екі күннен кейін оған тағы да мессенджерде жалған агент хат жазып, сәлемдеме Алматы қаласындағы поштада кешіктіріліп жатқандығы туралы хабарлаған. Онда ақша сомасы көп болғандықтан және сәлемдемені алу үшін тағы 1 млн теңге төлеу қажет болды. Әйел тағы да микро несиелік ұйымға барып, тағы бір несие рәсімдеген. Алаяқтар әйелдің сенімін пайдалана отырып, оған Англиядан жіберілген ақшаны қазақстандық валютаға айырбастау 28 млн теңгені құрайтынын және оны алу үшін тағы 1 млн теңге салу қажет екенін айтады.
Кейін алаяқтар оны тағы 100 мың теңге несие алуға көндіргені белгілі болды. Осы уақыт ішінде жалған ағылшындық күйеу жігіт Қазақстанға келгенде барлық несиелерді жабатынын айтып келген. Әйел 500 мың теңге сомасында кезекті несие алудан бас тартқаннан кейін, “күйеу жігіт ” оған хат жазуды тоқтатқан.
"Абоненттік нөмірлердің қай елге тиесілі екендігін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы абоненттердің интернет-ресурс мәліметтеріне сәйкес кодталуы Украина абонентіне тиесілі екендігі анықталды. Аталған факті бойынша банк шоттарының тиесілігін анықтау үшін сұраулар дайындалды. Қолда бар абоненттік нөмірлер бойынша күдіктінің орналасқан жерін анықтау үшін ҚР ІІМ ЖСМ-ге сұрау салулар дайындалды". Қарабалық ауданы ПБ бастығы Бақытбек Дисюков
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.