Көкшетауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақкөл қаласынан табылды

Сурет: pexels
13 жасар қыз облыстық балалар ауруханасынан кешкісін өз бетімен шығып кетіп, содан ұшты-күйлі жоғалған. Ол Көкшетаудан 200 шақырым жерде - елорда маңындағы Ақкөл қаласынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз елорда маңындағы ауданға Indriver-мен жеткен. Учаскелік инспекторлар қызметтік автокөлікпен жүріп келе жатқанда өздерін  көріп, жақын маңдағы дүкенге жүгіріп кеткен қызды байқайды. Жасөспірімнің бұл әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінеді. Қыздың қасына барған олар оның іздеуде жүрген Э.Р.Аяшева екенін біледі. 


"Қыздың айтуынша, ол Ақкөлге 14 ақпанда келіп, досының үйінде түнеген. 2022 жылдың желтоқсанында қыздың әке-шешесі ата-ана құқықтарынан айырылып, ол "Сандықтау ауылының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығы" КММ-ге орналастырылған". Ақмола облысы ПД

Қазір қыз бала Ақкөл қаласындағы осыған ұқсас мекемеге орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі