Қостанайда студенттің қалтасынан бәкі табылды

Сурет: pixabay
15 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің кіреберісінде металл іздегішпен тексеру кезінде бірінші курс студентінің қалтасынан бәкі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-тергеу тобы бәкіні тәркілеп, 18 жасар студентті полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру кезінде студенттің басқа колледжде оқитыны, бұл оқу орнына іс-шараға келгені анықталды.

Студент ата-анасына үй шаруашылығына көмектескенде бәкіні қалтасына салып, салмағы аз болғандықтан, оны алып тастауды сол күйі ұмытып кеткенін айтып, ақталған.

Сараптама жас жігіттен табылған бәкі суық қаруға жатпайтынын көрсетті. Студентпен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ата-анасына ескертілді.

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте төтенше жағдай болды – 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттады. Олардың екеуі жансақтау бөліміне түсіп, кейін палатаға ауыстырылды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тоғызыншы сынып оқушысы екі айға қамауға алынды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды