Астанада үлескерлерден ақша тартқан компания 640 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғаны үшін ЖШС-ға 640 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, компания Бірыңғай оператордың кепілдігін алмастан үлескерлер тартқан.

"Сот тапсырыс берушісі ЖШС болып табылатын "кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" нысаны бойынша құрылысқа сайтта оны жарнамалау арқылы үлескерлерден ақшалай қаражат тартқанын әрі Бірыңғай оператордың кепілдігі алынбағанын анықтады",деп мәлімдеді Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатыны атап өтілді:

- Бірыңғай оператордың кепілдігін алу;

- екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

- көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлерден ақша тарту.

"Көппәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен тартуға тыйым салынады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Астанада 2022 жылы 28 қарашада үлескерлердің ақшасын ұрлап қашқан директор сотталды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді