БҚО-дағы тікұшақ апаты: тергеу басталды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақтың қатты екпінмен келіп қонуы оқиғасына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігі 23 ақпанда болған оқиға Көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелгенін хабарлады.
"Қазіргі уақытта ҚР Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен осы іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды". Ішкі істер министрлігі

Еске салайық, оқыс оқиға сағат 16:05-те болған. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, екі адамның зардап шекті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі