БҚО-да мас ер адам сатушының саусағын шаба жаздады

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында мас ер адам дүкен сатушысына пышақпен тап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД мәліметінше, мас ер адам қаладағы дүкендердің біріне кіріп, сатушысын пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны беруді талап еткен. Әйел адам оның айтқанын орындаудан бас тартқан кезде ол пышақты сарт еткізіп, оның қолын жарақаттаған.

Ақшаны ала алмасын білген қаскөй дүкеннен бірнеше тауарды алып, өз жөніне кеткен.

"Қарақшы ізін суытпай ұсталды, ол 42 жастағы облыс тұрғыны екені анықталды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Келтірілген шығын сомасы небары 4099 теңгені құрады. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды