Еліміздің үш қаласына есірткі жеткізумен айналысқан павлодарлық ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Семей қаласына кіретін жерде Екібастұз, Ақсу және Семей қалаларына психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан интернет-дүкеннің өңірлік есірткі қойып кетуші - Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оның көлігіне тінту жүргізу кезінде алдыңғы тартпаның астындағы жасырын қуысында 67 термоусадка табылып, тәркіленді, оның ішінде ұнтақ тектес затпен полимерлі пакеттер болды. Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 31,36 гр болатын “a-PVP” психотроптық затының аналогы болып табылады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр". Семей қаласы ПБ бастығы Қайрат Әбдіғалиев

Күдікті Семей қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған баптың санкциясымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Өскемен
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін