Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді

Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 09:39 Сурет: Шымкент әкімдігі
Бүгін Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орналасқан №101 сайлау учаскесінде белгілі актерлар Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған қос актер ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық таңдауларын жасады.

Олардың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Өйткені, бүгінгі таңдау ертеңгі күннің бағытына, қоғамның дамуына және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.

Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 09:39

Сурет: Шымкент әкімдігі

Әсіресе, мәслихат депутаттарының жұмысы тұрғындардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Олар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді көтеріп, халықтың талап-тілегін жергілікті билікке жеткізуге атсалысады.

Сондықтан азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы – қоғамдағы жауапкершілік пен ортақ іске деген жанашырлықтың көрінісі. Белгілі актерлар да қала тұрғындарын өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: