Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті

Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:55 Сурет: Шымкент әкімдігі
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне Қазақстан, Венгрия, Әзербайжан және Тәжікстанның конституциялық соттары өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді.

Сапар аясында "Мемлекеттілікті нығайту мен қоғамды дамытудағы конституциялық заңдылықтың рөлі" тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырылды.

Халықаралық делегация құрамында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Венгрия Конституциялық Сотының судьясы Акош Козьма, Әзербайжан Конституциялық Сотының судьясы Рауф Кулиев, Тәжікстан Конституциялық Сотының судьялары Джурабек Кодирзода мен Мұхаммадджон Сохибзода, сондай-ақ Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ференц Цомбош болды.

Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:55

Сурет: Шымкент әкімдігі

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген, профессор-оқытушылар құрамы мен заң факультетінің студенттері қатысты.

Жиынның ашылуында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйлеп, конституциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және құқықтық мемлекетті нығайту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Кездесудің негізгі баяндамашыларының бірі – Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық заңдылықтың мемлекеттілікті нығайтудағы орнын, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндірді.

Сонымен қатар Венгрия Конституциялық Сотының судьясы Акош Козьма мен Әзербайжан Конституциялық Сотының судьясы Рауф Кулиев өз елдерінің конституциялық сот төрелігі саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Баяндамалар барысында конституциялық соттардың мемлекеттік-құқықтық жүйедегі орны, Конституция талаптарының орындалуы және құқықтық институттардың қоғам дамуындағы рөлі талқыланды.

Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:55

Сурет: Шымкент әкімдігі

Университет ректоры Мұхтар Төлеген өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп отырған кездесудің мәніне тоқталып, Конституцияның мемлекеттілікті нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған "Заң мен тәртіп" қағидатының құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызына назар аударды.

Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:55

Сурет: Шымкент әкімдігі

Кездесу барысында университетке ұлттық мәртебе берілуіне байланысты заң ғылымын дамыту, құқықтық мәдениеті жоғары мамандар даярлау мәселелері де қозғалды. Бұдан бөлек, Шымкент пен Венгрияның Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланысты және Дебрецен университетімен академиялық әріптестікті нығайту перспективалары талқыланды.

Дәрістің жалғасында заң факультетінің студенттері мен оқытушылары делегация мүшелеріне конституциялық соттардың қызметі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және халықаралық құқықтық тәжірибе жөнінде сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты.

Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:55

Сурет: Шымкент әкімдігі

Халықаралық кездесу конституциялық құқық саласындағы тәжірибе алмасуға, құқықтық институттардың өзекті мәселелерін талқылауға және болашақ заңгерлердің кәсіби білімін тереңдетуге мүмкіндік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: