Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте ЖОО ректоры қамауға алынды

ЖОО, университет, Шымкент, ректор, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2024 09:40 Сурет: Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, ректор 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ", деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.

23 қыркүйекте Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы жаңадан тағайындалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: