Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Пара, Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры, қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 18:40 Сурет: Zakon.kz
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Қылмысты Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды". Антикор

Тергеу амалдары жалғасуда.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтыны ескертіледі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: