Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиевті ұстады

Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиевті ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 11:44 Сурет: Instagram/ asetkaliev_meduniver
Антикор қызметкерлері Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бір күн бұрын, 29 мамырда пайда болды. Оның 12 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.

Редакцияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсталу фактісін растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында М.Оспанов атындағы "Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы ұсталды", – деп мәлімет берді.

Толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

2022 жылдың қыркүйек айындаМ.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры болып Әсет Қалиев тағайындалды.

2024 жылдың 28 мамырында Антикор Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа жіберілген іс туралы айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: