М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым – Президент

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:50 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президент III Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Шымкент қаласын оңтүстік аймақтағы ірі ғылым және білім орталығы ретінде дамытуды көздеп отыр.

Мемлекет басшысы Астана мен Алматының еліміздегі жетекші ұлттық университеттер шоғырланған зияткерлік, ғылыми және мәдени орталықтар екенін атап өтті. Енді Шымкенттің де осы бағыттағы әлеуетін арттыруға басымдық берілмек.

Қазірдің өзінде қалада бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Аризона штаты университетінің (Arizona State University) білім беру бағдарламасы енгізіліп, Түркияның Гази университетінің филиалы ашылған.

"Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Әуезов университеті – аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шымкенттегі әрбір бесінші студент осы білім ордасында оқиды.

Мемлекет басшысы ұлттық мәртебе университетпен қатар, құзырлы министрлікке де үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білім мен терең ғылымның ордасына, сондай-ақ аймақтың зияткерлік орталығына айналуға тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: