Аида Балаева Құрылтай сайлауында дауыс берді

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылғы 23 тамызда Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 10:40 Сурет: Zakon.kz\Екатерина Елисеева
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылғы 23 тамызда Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Аида Балаева Құрылтай сайлауында дауыс беріп, азаматтық борышын орындағанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандықтар да сайлауға белсенді қатысып жатыр. Бұл таңертеңнен бері жүргізіліп жатқан мониторинг барысында әлеуметтік желілерден де байқалады.

"Жалпы, ақпараттық кеңістікте жоғары белсенділікті көріп отырмыз. Астанада күн райының жаңбырлы болғанына қарамастан, сайлаушылар белсенділік танытуда. Бұл әрбір азаматтың өзінің және еліміздің болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Жалпы, біз – бақытты халықпыз, өйткені өз болашағымызды айқындауға мүмкіндігіміз бар. Халықтық Конституция үшін дауыс берген референдум кезінде де осындай ахуалды көрдік. Біз болашаққа көз тігеміз, құндылықтарымыз бен басымдықтарымызды білеміз", – деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, мұндай мүмкіндік қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағының арқасында қалыптасты. Сондықтан елдегі тұрақтылықты бағалап, оны сақтау аса маңызды.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылғы 23 тамызда Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 10:40

Сурет: Zakon.kz\Екатерина Елисеева

Сонымен қатар Аида Балаева прогрессивті әрі әділетті Қазақстан құруға бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, елдің ортақ мақсаттары төңірегінде бірігуге шақырды.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: