Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев құрылтай сайлауында дауыс берді

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:17 Сурет: Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда облыс әкімі Мұрат Ергешбаев "Құзыреттілік орталығындағы" №222 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ол тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Президентіміз еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындап, конституциялық реформаларды ұсынған болатын.
Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:17

Сурет: Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциямыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Бүгін өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауы – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанның жаңа бағдарын айқындайтын тарихи оқиға.

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:17

Сурет: Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа Құрылтай Парламенттік жүйенің тарихи сабақтастығын сақтап, егемен еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді. Сыр жұртшылығы еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, бүгінгі сайлауға да белсенді қатысады деп сенемін", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:17

Сурет: Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:17

Сурет: Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында 500 591 дауыс беруші тізімге енгізілген, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 132 учаске бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: