Алматыда бортсерікті балағаттаған Ресей азаматтары рейстен түсірілді

Сурет: polisia.kz
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Air Astana әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушы рейстен түсірілді. Екі ер адам Алматы – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өздерін дөрекі ұстап, бортсеріктерді балағаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік полицейлері Ресей Федерациясының 34 жастағы екі азаматының мас болғанын анықтаған.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы мен 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал тиісті шешім қабылдау үшін Алматының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданады.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 12 539 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 1 429 адам, ұсақ бұзақылық үшін 179 адам жауапқа тартылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін