"Дубайға жолдама алып беремін". Ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды

Сурет: polisia.kz
Ақтау тұрғыны Дубайға саяхат жасау үшін белгісіз тұлғадан жолдама алған. 51 жастағы тұрғын наурыз айының бастапқы мерзімінде жолға шығу қажет болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда осы уақытқа дейін күдікті азаматша берген уәдесін орындамаған. Бұл бойынша жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 658 мың теңгені құрайды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 33 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін