Тоқаев Орталық Азия мен Қытай министрліктерінің консультациялық қызметін құруды ұсынды

Сурет: ptrkkz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытуға қатысты пікірлер айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Кейінгі 30 жылда Қытай мен Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда көлемі 100 есе өскенін алға тартқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде «Орталық Азия+Қытай» министрліктер консультациясы» тетігін іске қосу керектігін атады.

Қазақстан Қытайға экспорттайтын 135 түрлі тауардың жеткізілім көлемін өсіруге әлеуетті. Оның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік экспортының көлемін 1 млрд доллардан арттыруға болады. Осыған байланысты бірлескен жолдарды пысықтау үшін өзара сауда және көлік байланысы бойынша «Орталық Азия+Қытай» министрліктер консультациясы» тетігін іске қосуды ұсынамын. Қасым-Жомар Тоқаев

Айта кетейік, саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі